Латын әліпбиіне көшу ХХІ ғасырдың жалынды жастары үшін ешқандай қиындық тудырмайды деп сенімді айтуға болады. Мағжан сенген жастар бұл үрдісті оңай қабылдай алады. «Жастар-еліміздің болашағы» деп ҚР тұңғыш Президенті айтқандай біздің қазіргі жастар қай салада болмасын өздерін белсенді көрсете біледі. Сол себепті жастар Елбасының ұсынысын қолдайды және оның жүзеге асырылуына бар күштерін жұмсайды. Өйткені латын әліпбиіне көшу Тәуелсіз Қазақстанның рухани жаңғыру жолындағы тағы да бір айқын қадамдарының бірі болмақ. Әлемнің өркениетті елдер қатарынан қалмау үшін латын әліпбиінің атқаратын міндеті көп.
Қазір әлемдегі халықтың 80 пайызы латын графикасын игеріп, пайдаланып отыр, әлемдегі ақпараттың 70 пайызы осы таңбамен таратылады. Латын әліпбиіне көшу бастамасы Қазақстанның рухани болмысы мен қоғамдық ой-сананы өзгертіп, оны жаңғыртуға зор үлес қосады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады.
Латын әрпіне көшу — бұл әлемдік білім саласын игеру үшін жасалып жатқан оқу бағдарламасына сәйкес, бүкіл әлем қарым-қатынас жасайтын ағылшын тілін жастарымыздың тезірек игеруіне мүмкіндік жасайды. Әлемдік деңгейде қазақ жастарының биік белесте болуы үшін және әлем жастарымен тіл табыса алатын деңгейде болуы үшін де латын графикасына ауысымыз өте маңызды болып табылады. Бұл жерде негізгі мақсат – кез келген ақпаратты, ғаламдық өзгерісті кезкелген азамат түпнұсқадан алып, оқи алатын болады.