Министрдің бағдарламасында бірінші болып Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі болды. Оқу-өндірістік шеберханаларды, ІТ-орталықты аралап, оқытушылар мен студенттермен кездесіп, Күләш Ноғатайқызы жоғары техникалық колледждің жұмысына жоғары баға берді. Ол колледж басшылығы оқу процесіне біріктірілген бағдарламаларды енгізетінін атап өтті. Студенттерге теориялық жағынан ғана емес, сонымен қатар алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. Студенттердің WorldSkills чемпионаттарына қатысуы және олардың жеңістері жоғары дайындық деңгейін көрсетеді.
Одан әрі бағдарламада "Айша" балабақшасы да көңілден шықты. "Мұнда мен балалар бақшаға бармай-ақ жүріп әдістемелік көмек алуға, логопед, психологтың көмегін алуға мүмкіндігі болған екеніне қызықты жұмыс түрін көрдім. Бұл өте қызықты тәсіл" - деді Күләш Ноғатайқызы.
ІТ-лицейінде министрді оқу кабинеттері бойынша экскурсия, оқушылардың жобаларын көрсету, сондай-ақ қаланың педагогикалық жұртшылығымен кездесу күтіп тұрды.
ҚР Білім және ғылым министрі Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы жұмыс сапарының екінші күні Зеренді ауданының мектептеріне барудан басталды.
Бірінші министр А НМ барды.Айдарлы оны мектеп директоры Айнагүл Дулатқызы Төлебаева қарсы алды. Күләш Ноғатайқызы оқу кабинеттеріне кіріп, мұғалімдермен сөйлесіп отырды. Одан әрі делегация мектеп жанындағы шағын орталыққа, кейін мектеп мұражайына өтті.