31 Наурызда Щучинск қаласында математика пәні мұғалімдерінің облыстық форумы өтті. Форумның тақырыбы "Мектептегі математикалық білім: жағдайы, мәселелері, ұсыныстары". Форумға Ыбырай Алтынсарин Ұлттық Академиясының, "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ - ның өкілдері шақырылды. "Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қызметін ынталандыру-оқыту сапасын арттыру құралы ретінде", "Оқушылардың математикалық білім беру мазмұны-мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің басты бағдары", "Дарынды балалармен жұмыс, олимпиадаларға, конкурстарға дайындық", "Функционалдық сауаттылық қазіргі заманғы білім берудің негізгі бағыты ретінде" бағыттары бойынша 4 секция жұмыс істеді. Мұғалімдер өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, заманауи оқу бағдарламаларының мәселелерін талқылады. Модераторлар математика мұғалімдері, педагог-зерттеуші, педагог-шебер санаттарымен болды.
Пленарлық отырыста Қарағанды қаласында өткен математиктер съезіне қатысушы мұғалімдер сөз сөйледі. Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Жүсіпов Бейбіт Әйтімұлы форумның алғы сөзімен және қорытындыларымен сөз сөйледі.
Мусулмамбекова К. Б.