Текст
20 сәуірде бастауыш сынып онкүндігі аясында 2 сынып оқушылары арасында үздік жылдам оқу сайысы өтті. Әр сыныптан оқу техникасын өлшеу қорытындысы бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізген оқушылар қатысты.
Балалар Л.Н.Толстойдың «Балалық шақ» әңгімесін оқыды. Әңгімеде көптеген күрделі сөздер кездескеніне қарамастан, 2-сынып оқушылары оқу техникасының нормасын оқып, көпшілігі оны асыра орындады.
Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды Кравчак Эмилия, екінші орынды Қаныш Жасұлан және Сенина Ксения, үшінші орынды Цуцоева Латифа иеленді.
Байқаудың барлық қатысушыларын құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!
Бастауыш сынып мұғалімі Крагель Л. Н.