2019 жылы 6 қыркүйек күні №3 орта мектеп қабырғасында Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесіне арналған онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.
6 қыркүйек күні мектеп кітапханашысы Кравченко Ю. В. кітап көрмесін ұйымдастырды. 9 қыркүйек күні бейнелеу өнерінің және еңбек пәнінің мұғалімдері өз сабақтарында оқушылармен бірге Тілдер күніне арнап буклет жасады. Дене шынықтыру мұғалімдері 5-7 сынып оқушылар арасында қазақтың ұлттық ойындарын жүргізді. Соның ішінде арқан тартыс, асық, тоғызқұмалақ ойындары жүргізілді. Оқушылар жарысқа белсенді қытысты. 10 қыркүйек күні 1-11 сыныптарға «Тіл мерейі-ел мерейі» атты сынып сағаты жүргізілді. 13 қыркүйек күні ақын-жазушы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Сыр сандық» атты шығармашылық әдеби кеш болды. Шығармашылық кешке 5-9 сынып оқушылары қатысты. Жоғарғы сынып оқушылары ақынның өмірбаянымен таныстырды. Ал орта буын сынып оқушылары Сәкен Сейфуллинге арнап өлең оқыды және ақынның өлеңдерін жаттқа айтты. 11 қыркүйекте тілдер мұғалімдерінің қатысуымен «Жаңартылған білім беру бағдарламасының аясында тіл мен әдебиетті оқытудың мәселелері» атты тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырыста Байжанова Г.С., Плаксина Ю. Н. баяндама оқыды. Өтілген іс-шаралар бойынша ақпарат сайтқа жүктелді.
Қазақ тілі мұғалімі: Абдугалиева А.Т.