"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстандық оқушылар цифрлық ортадағы өмірге қаншалықты дайын?

24.09.2019

Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адам өміріне айтарлықтай әсерін тигізді. Олай болса, жасөспірімдерді жаңа ақпараттық мәдениетке қалай дайындауымыз қажет? Мектеп «цифрлық заманның» өзгерістеріне қалай жауап беруі тиіс? Технологиялардың ілгері дамыған бұл заманында жетістікке жету үшін мектеп оқушыларына қандай қабілеттер қажет?

 

Осы және басқа да өзекті сұрақтарға жауап беру мақсатында 2018 жылы Қазақстан алғаш рет ICILS-2018 зерттеуіне қатысты. Зерттеуге әлемнің 14 мемлекетінен 46 000 оқушы және 26 000 мұғалім, соның ішінде қазақстандық 3 мыңнан астам оқушы және 2 630 мұғалім қатысты.

 

Қазіргі озық технологиялар заманында жасөспірімдер цифрлық құрылғыларды бала кезінен жиі пайдаланады. Осыған орай, «сандық ұрпақтың» компьютерлік сауаты жеткілікті деңгейде деп сену әдетке айналды. Алайда, ICILS-2013 нәтижелері бұл тұжырымның қате екендігін толықтай растады. Дәлірек айтқанда, барлық зерттеуге қатысушылардың тек 2% ғана компьютерлік және ақпараттық сауаттылықтың жоғары деңгейін көрсетті, ал қалған 98%-ы ең төменгі деңгейге зорға жетті. Зерттеушілер қауымы бұл көрсеткіштердің соңғы бес жылда қалай өзгергенін жария етуге асығуда.

 

Халықаралық есеп 2019 жылғы 5 қарашада Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16.00-де жарияланады. ICILS-2018 туралы толық ақпаратпен IEA сайтында танысуға болады https://www.iea.nl/studies/iea/icils/2018.

 

Анықтама: IEA Халықаралық білім жетістіктерін бағалау бойынша қауымдастық (The International Association for the Evaluation of Educational Achievement) ұлттық зерттеу ұйымдары және мемелекеттік зерттеу агенттіктерінің тәуелсіз халықаралық кооперативі болып табылады. IEA түрлі білім беру жүйелерінің тәжірибелері және саясаты жайлы толығырақ түсінік қалыптастыру мақсатында білім саласында кең ауқымды салыстырмалы зерттеулер жүргізеді. ICILS-2018 қатысушы елдері: Чили, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Италия, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Люксембург, Португалия, Уругвай және АҚШ. Москва
және Солтүстік Рейн-Вестфалия сәйкесінше Ресей және Германияның жеке аймақтарын ұсынды.

 

 

Просмотров: 446


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст