Текст
Біздің мектеп қабырғасында "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәні бойынша семинар-практикум өтті, онда 10 "А" сынып оқушылары "Идеялар матрицасы"ойынында бизнес-идеяларды қалыптастыру бойынша өз дағдылары мен біліктерін көрсетті. Семинардың қонақтары Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Н. Г. Наймушина, әдіскер Р. Б. Едрисова, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының жетекшісі және басқа мектеп мұғалімдері болды. Соңында қонақтар біздің мектеп оқушыларының жоғары кәсіпкерлік әлеуетін атап өтіп, болашақ бизнес-қызметте табыс тіледі.
С.С.Ломакина