Текст
Біздің "Тату балалар" атты мектеп балалар алаңының тағы бір күні "Жол ережесін баршамыз білуге тиістіміз" деген әңгімеден басталды.
Жол ережесін балалар жұмбақтарды шешу арқылы қайталап өтті. Балалармен жол ережесін сақтау инструктажын өткізген соң,
аудандық кітапханаға бардық.
Онда балалар ертегілер викторинасына қатысты. Олар ребустар шешті, өлең шұмақтарын оқу арқылы ертегілерді атап, сұрақтарға жауап берді. Балалар викторинаның соңында Дмитрий Жилинскийдің кітабы бар қазынаны тапты. Осы кітап, балаларға әдебиет шығармаларын жақсы білгендері үшін, сыйға тартылды.
Минина Л.Н.
Нестеренко А.С.