«Ақниет» жеке қайырымдылық қоры әлеуметтік, денсаулықты сауықтыру, мәдени-ағартушылық және басқа да қоғамға пайдалы мақсаттарға қол жеткізу үшін 2013 жылдың 24 маусымында, Астана қаласында құрылды. Қор мұқтаж жандарға, соның ішінде мүгедек балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға тегін көмек көрсетеді.
Қордың қамқоршылық кеңесінің төрайымы - қаламыздың тумасы , нөмірі 3 орта мектептің түлегі Бисембаева Бағила Мубаракқызы .
Бағила Мубаракқызы – көкірегі ояу, өзгенің мәселесіне бей-жай қарамайтын жан.
«Ақниет» қоры көптеген игі істерді, қайырымдылық акцияларды, көптеген жобаларды жүзеге асырып, мұқтаж отбасыларға қажетті сыйлықтарды тарту етті. Бағила Мубаракқызы туған мектебін ұмытпай, мектебіміздің оқушыларына көптен бері демеушілік көмек көрсетіп келе жатқаны қуантады.
Ағымдағы жылдың шілде айында қайырымдылық қоры мектеп оқушыларына 100-ге жуық жап-жаңа рюкзактар сыйға тартты.
Мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар және балалар «Ақниет» қорына, және де жеке Бисембаева Бағила Мубаракқызына, біздің балаларымызға осындай жомарт әрі қажетті сый тартқаны үшін үлкен алғыстарын білдіреді.
Л.Крагель