«Қазақстан халқы тілдері» күні — 5 қыркүйекте атап өтілетін мемлекеттік мереке. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда "Тілдер туралы" заң қабылданған. 1998 жылдың 20 қаңтарында ҚР президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. 2017 жылы мереке күні өзгертілді. Содан бері 5 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні. Атаулы күннің өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Мектеп қабырғасында осы мерекеге орай ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына 7-11 сынып оқушылары үш тілде өлең оқыды. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдістемелік жетекшісі Касымова С.Т. жоспармен таныстырды. «Ана тілім – байлығым» атты эссе байқауына, мәнерлеп оқу сайысына және «Тіл – ұлттың жаны» деп аталатын суреттерсайысына белсене қатысуға шақырды.
Автор Абдугалиева А.Т.