2022 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бізге, қазақстандықтарға кезекті Жолдауын жолдады. БІРТҰТАС ҰЛТ. ГҮЛДЕНГЕН ҚОҒАМ. Біздің мектептің ұжымы өнерімен танысты. Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған. Президент Қ.Ж. Тоқаев күзде кезектен тыс Президент сайлауын жариялады. Есірткіге қарсы күреске, ауыр қылмыстар бойынша ҚІБ-ны жоюға ерекше назар аударды.
Сондай-ақ, қаңтар оқиғаларына қатысушылардың бір бөлігіне рақымшылық жариялады. Мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, олар ҰБТ нәтижелері мен өзге де көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша 30 – дан 100% - ға дейін сараланады. Қазақстанда бала күтімі бойынша төлемдер кезеңі 2023 жылғы қаңтардан бастап бір жарым жасқа дейін ұлғайтылады. Әйелдер үшін зейнетақы жасы 61 жасқа дейін болады. Президент білім берудің маңызды тақырыбын қозғады.
Алда педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеудің жаңа стандартын қабылдау және педагог құзыреттілігінің шеңберін әзірлеу міндеті тұр. Жаһандық ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық цикл және ағылшын тілі пәндерін оқытуды күшейту маңызды". Жолдауда айтылған бастамалар ел дамуының жаңа кезеңін белгіледі.