Текст
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі - Мәнсия) - 1922 жылы 23 қазан айында Орал облысы Орда ауданында туып, мектепте оқиды, одан кейін Мединститутта оқиды. 1942 жылы Алматыдағы медицина институтын бітіріп, 1942 жылы тамызда соғысқа өзі сұранып аттанады. Пулеметші болып «Максиммен» жауды топырлата қырды. «Өзім өлсем де, Отаным аман болса екен»,- деп армандады. Қазір Алматы қаласында Мәншүк Мәметова атындағы мектеп бар. Оның алдында батырдың ескерткіші тұр. Батырдың туған қаласы Оралда Мәншүкке орнатылған ескерткіші бар. Невель қаласында да ескерткіші бар.