"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚАЗТЕСТ жүйесінің жаңа форматы: даму перспективалары

19.11.2019

2019 жылғы 12-13 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «ҚАЗТЕСТ жүйесінің жаңа форматы: даму перспективалары» тақырыбында ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курстың мақсаты – ҚАЗТЕСТ жүйесінің бүгінгі жай-күйі, жетістіктері мен алдағы бағыттары, тілдік білімді бағалаудағы озық тәжірибелермен танысу, тәжірибе барысында қолдана білу, сонымен бірге, халықаралық тілдік білімді бағалау жүйелерінің мазмұнымен танысу арқылы қазақ тілін оқыту бойынша әдіскерлерге, оқытушыларға, ҚАЗТЕСТ сарапшыларына әдістемелік көмек көрсету.

Курсқа ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Бас прокуратурасының өкілдері және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының тілші-ғалымдары, өңірлердегі тілді оқыту орталықтарының басшылары, әдіскерлері, Қазтест тапсырмаларының сарапшылары мен әзірлеушілері, Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы «Қырғызтест» мемлекеттік мекемесінің директоры қатысты.

 

Курс барысында Қазтест жүйесінің ағымдағы жағдайы талқыланды, ҚАЗТЕСТ жүйесінің жаңа форматымен танысты. Тәжірибе алмасу мақсатында Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы «Қырғызтест» мемлекеттік мекемесінің өкілдері тарапынан әзірленген тілдік білімді бағалауға арналған тест тапсырмалары таныстырылды.  

Аталған іс-шара аясында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша әзірленген оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың көрмесі ұйымдастырылды.

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшылары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

 

Просмотров: 608


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст