Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсететін адамдарға қол сұғылмаушылық кепілдіктері
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдем көрсететін адам мемлекеттің қорғауында болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдемдесетін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада көзделген органдардың немесе соттың сұрау салулары бойынша ғана заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдесетін адам Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртіппен көтермеленеді.
Қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсететін адамдардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Көрінеу жалған ақпарат хабарлаған адам белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Коянбаев В.Т.