Қазақстанда Алғыс айту күнін қашан атап өтіледі? Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін бұл мереке 2016 жылдан бері тойланып келеді. Сол жылы алғыс айту күні Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен елдегі мерекелер тізіміне енгізілген болатын. Ал көптеген өзге ұлт үшін Қазақстан туған елге айналды. Бүгінгі таңда халықтар құрамында этникалық орыстар, өзбектер, ұйғырлар, украиндар, татарлар және басқа ұлт өкілдері бар. Қазір Қазақстанда 17 дінді ұстанатын 130 этностың өкілі тұрады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты барлық этнос өкілінің тату-тәтті өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Алғыс айту күні неліктен 1 наурызда тойланады? Егемен елімізде 1995 жылы 1 наурызда президент жанындағы консультативтік-кеңестік мекеме ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) құрылды. 2016 жылы бастау алған жаңа мерекенің мерзімі осы күнге сәйкес келеді. Қазақстанда өмір сүретін халықтар үшін көктемнің алғашқы күні "рахмет" сөзімен басталады. Еліміздегі әрбір этностың бастан кешкен тағдыры олардың діліне де әсер етіп, ортақ құндылықтар мен мұраттарды қалыптастырды. Осылайша алғыс айту күні түрлі мәдениет пен патриотизмнің мерекесіне айналды. Осы мерекеге орай біздің мектепте сынып сағаты өтті. Оқушылар мерекенің тарихымен танысты. Бір-біріне, ұстаздарға және ана-аналарына, туған-туыстарына алғыс айтты.
Автор Абдугалиева А.Т.