"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020 жылдан бастап білім беру саласындағы басқару органдарының басшыларын тағайындау рәсімі өзгереді

23.01.2020

2019 жылғы 28 қарашада Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Осы Заңның шеңберінде қабылданған өзгерістерге сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату Білім және ғылым министрлігімен келісу бойынша жүзеге асырылатын болады.

Өз кезегінде білім беруді басқарудың облыстық органдары аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Еске сала кетейік, бұл құқық аудандардың жергілікті атқарушы органдарына берілген еді.

 

Аталған өзгерістер білім беру саласындағы басқару органдарының кадрлық құрамының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бірлескен, консультативтік шешім басқару органдарының басшы құрамын тағайындау кезінде объективтілікті, тиімділікті, сондай-ақ үйлестікті қамтамасыз етеді.

 

 

 
 
Просмотров: 291


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст