"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020 ЖЫЛҒЫ 27 ҚАҢТАР МЕН 27 АҚПАН АРАЛЫҒЫНДА «МЕКТЕП АСХАНАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

28.01.2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) 2019 жылы 19 органдар мен 100 білім беру ұйымдарының тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметіне, оның ішінде объектілерге бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізді.

Қорытынды бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы     12 наурыздағы №320 (15 қосымша) қаулысымен бекітілген білім алушылардың жекелеген санаттары үшін перспективалық мәзірдің бір мәрте тамақтану нормаларына сәйкес келмеу фактілері анықталды. Балалардың тамақтану рационында сүт, бал, жаңа піскен балық, сүзбеше, шырын, жемістер, ет қосылған бірінші және (немесе) екінші тағамдар, салат және т.б. жоқ.

Бұдан басқа, балалардың нақты тамақтану рационының перпективті мәзірі мен жүйелі сәйкессіздігі байқалады. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялар (комиссия төрағалары – мектеп директорлары) қызмет көрсетушілердің бекітілген мәзірді қысқарту фактілеріне жол береді. Сондай-ақ, ас блоктарында сақтау мерзімі өткен азық-түліктердің, бүлінген тамақ өнімдерінің болуы, асхана және т. б. қызметіне санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылардың болмауы фактілері анықталды.

Білім беру ұйымдары тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын күн сайын сапалы органолептикалық бағалау жүргізбейді.

Нәтижесінде, бюджет қаражаты есебінен тамақтанатын көптеген балалар іс жүзінде тәрелкелерінде түскі астарын қалдырады, бұл БАҚ-тың көптеген репортаждарымен расталады.

Бұл ретте, мектеп әкімшіліктерімен өнім берушілердің бұзуы туралы оның ішінде бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау, көрсетілетін қызметтерді берушіні жосықсыз өнім беруші деп тиісті актілер ресімделмейді және т. б. шараларды жариялау бойынша қабылданбайды.

Білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында «Мектептік тамақтану» айдары жоқ немесе білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпарат жүйелі түрде орналастырылмайды.

Жоғарыда көрсетілген фактілер ведомствоаралық сараптамалық топтардың (бұдан әрі - ВСП), тамақтану сапасын бақылау жөніндегі комиссиялардың қызметіне бақылау болмауының салдары болып табылады.

Осыған байланысты, Министрлік а.ж. 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық алдын алу іс-шарасын өткізілетіні туралы хабарлайды.

Осы іс-шаралар аясында:

- БАҚ арқылы халықты кең ауқымды ақпараттандыра отырып, экперттік топтардың қызметіне жұртшылықты міндетті түрде тарту арқылы (ата-аналар, «Нұр Отан» партиясының, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, ҮЕҰ, БАҚ, мемлекеттік органдар және т. б.), ВСП қызметін жандандыру;

- тамақтану сапасын бақылау бойынша іс-шаралар өткізу;

- қолданыстағы заңнамаға перспективалық мәзірді сәйкестендіру;

- халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнамалардың және т. б. конкурстық құжаттаманың талаптарын бұзатын қызметтерді, тауарларды жеткізушілерге тиісті шаралар қабылдау қажет.

Қазіргі уақытта Министрлік еліміздің мектептеріне профилактикалық бақылау елдің қалалары мен аудандары мәзірінің сәйкестігіне талдау жүргізуде, білім беру органдары мен ұйымдарының интернет-ресурстарында «Мектептік тамақтану» айдарының болуы мен мазмұнын тексеруде, нәтижесі бойынша Министрлік тиісті ден қою шараларын қабылдайтын болады.

Просмотров: 491


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст