Текст
6 ақпан күні 4 А сыныбында Ахметова Әлия Кенжетайқызы өзін-өзі тану пәнінен "Ар-ождан туралы ғылым" тақырыбында сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты "Адамның ар-намысы" ұғымдарының мәнін ашу, ар-ожданмен бірге өмір сүруге деген ұмтылысын дамыту. Сабақ жағымды көңіл-күймен басталды. Содан кейін балалар сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен танысты. Сабақ барысында балалар әңгімеге белсене қатысып , сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасады. Оқушылардың жауаптарын талдай отырып, олар сабақ материалын жақсы қабылдап, өзіне маңызды, рухани-адамгершілік тұрғыдан қорытынды жасады деп айтуға болады. Сабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаты: шығармашылық және рефлексия бойынша атап көрсеттілгенге қол жеткізілді.
Ахметова А. К.