2020 жылы 10 ақпан күні №3 орта мектептің қабырғасында қазақ тілі мұғалімі Кусаинова Сая Тюлебековна 5 «А» сыныпта «Фастфудтың зияны» тақырыбы бойынша аудандық деңгейде ашық сабақ өткізді. Сабаққа сыныбының жарты тобы алынды. Сабаққа 11 оқушы қатысты. Сабақтың мақсаты: «Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру; жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу». Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды.Мұғалім өткен тақырыпты пысықтау үшін «Артық сөзді тап», «Қабырға әдісі» әдісін қолданды. Жұппен әр түрлі жұмыс жүргізді. Сабақ барысында мұғалім оқушылармен бірге тәжірибие жүргізді. Коламен сүтті араластыру арқылы коланың адам ағзасына зиян екеніне оқушыларға көз жеткізді. Сабақ өте қызықты және жоғары деңгейде өтті. Балалар сабақта белсенділік танытты.
Абдугалиева А.Т.