13 ақпан күні № 3 орта мектепте Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күніне арналған кадет сыныптарының оқушылары арасында әскери-спорттық жарыс өткізілді. Мектеп директоры Г. А. Кизкенова құттықтау сөз сөйлеп, ауған соғысының құрметті қонақтарын Е. В. Бирюкова мен В. Х. Хампиеваны мерекемен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті, одан кейін 6 сынып оқушысы А. Телышков қатысушыларға "Память" әнін орындады. Жарыстың бас төрешісі, АӘД оқытушысы Н. В. Бывшев қызықты әскери-спорттық эстафеталар, саптық жүгіріс, сонымен қатар автоматтарды жинау және бөлшектеу өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды 9-шы кадет сыныбы, 2-орынды 8к сынып оқушылары иеленді, балаларға қамқорлық кеңесінің төрайымы О. В. Харламова және ата-аналар комитетінің төрағасы С. С. Гапич дайындаған грамоталар мен тәтті сыйлықтар табыс етілді.
Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Ю. А. Ионина