Білім беру қызметкерлерінің дәстүрге айналған кеңесі екі күнге жалғасады. Осы жылғы шара «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өтеді.
Бүгін, 24 тамызда өңірлерде өз тақырыптық бағыттарына сәйкес секциондық отырыстар өтеді:
• Мектепке дейінгі оқыту – Қызылорда облысы;
• Ауыл мектебі – Актөбе облысы;
• Оқуға құштар ұлт –Абай облысы;
• Инклюзивтік және арнайы білім беру – Қостанай облысы;
• Педагог мамандары – Солтүстік-Қазақстан облысы;
• Дарынды балалар - ұлт мақтанышы –Ұлытау облысы;
• Білім беру технологиялары – Алматы облысы;
• Балалардың демалуы мен сауығуы – Ақмола облысы;
• Жайлы жағдай қалыптастыру – Астана қаласы;
• Балаларды қолдаудың тең мүмкіндігін қалыптастыру – Қарағанды облысы;
• Мектепте тамақтануды ұйымдастыру – Алматы қаласы;
• Қосымша білім беру – Шығыс-Қазақстан облысы;
• Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие – Түркістан облысы;
• Оқыту барысында қауіпсіз ортаны қалыптастыру – Атырау облысы;
• Техникалық және кәсіптік білім беру – Павлодар облысы;
• Білім беру мазмұнын жақсарту арқылы сапаны арттыру – Маңғыстау облысы;
• Білім беру саласындағы бақылау және бағалау – Жамбыл облысы;
• Қаржылық-құқықтық тәртіп – Жетісу облысы;
• Білім саласындағы менеджмент – Батыс-Қазақстан облысы;
• Білім саласын сандық жүйеге көшіру – Шымкент қаласы.
Ал ертең, 25 тамызда 20 өңірдің қатысуымен Бірыңғай республикалық пленарлық сессия онлайн режимде өтеді. Оған білім беру жүйесінің 12 мың қызметкері қатысады.