2023 жылдың соңына дейін 132 мың оқушы орнын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 55 мың орын 1-қыркүйекте ашылады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Оқу-ағарту министрлігі инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Үш ауысымды, апатты мектептер мәселесін шешу үшін 132 мың орындық 154 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арқасында 1 қыркүйекке дейін 25 мың орындық 13 мектеп, сондай-ақ, жергілікті бюджет және жеке инвестициялар есебінен 30 мың орындық тағы 26 мектеп ашылады», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.
Сонымен қатар, келесі жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 461 мың орындық 217 мектеп пайдалануға беріледі.
https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/609870?lang=kk