"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР

06.03.2020

2020 жылғы 3 наурыз күні Біржан сал ауданының Макин орта мектебінде «Туған елге тағзым» атты облыстық аймақтық семинар өтті

Оған білім беру бөлімдерінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскерлері және Бұланды, Бурабай, Біржан сал аудандарының білім беру ұйымдарының патриоттық клубтарының қызметін үйлестіруге және дамуына жауапты қызметкерлері қатысты. Жалпы қатысушылар саны – 50.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты: жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, өз елі үшін мақтаныш сезімін нығайту, патриоттық тәрбие жүйесін мақсатты дамыту арқылы азаматтық борышын орындауға дайын болуға тәрбиелеу.

Семинар барысында балалар-жасөспірімдер ұйымдарының басым міндеттері, қоғамдық бірлестіктер мен білім беру мекемелерінің интеграциясы, тәрбие мәселелерінің мониторингін құру және қолдау, тәрбие жұмысының тиімділігін бағалау, сондай-ақ балалар-жасөспірімдер ұйымдарының жарғылық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру, тәрбие жұмысына әдістемелік инновацияларды енгізу туралы мәселелер қаралды.

Облыстық аймақтық семинар бағдарламасында «Мәңгілік Ел» идеясын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқушыларды патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

Семинар аяқталғаннан кейін талқылау, ағымдағы мәселелерді шешу және қорытынды жұмыстары жасалды.

Просмотров: 346


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст