«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

КӨКТЕМГІ КЕЗЕҢДЕГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕР БОЙЫНША ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА САБАҚ ӨТТІ

12.03.2020

«Көктем 2020» республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығу аясында Ақмола облысының білім беру ұйымдарында көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша бірқатар профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмыстары, алдағы көктемгі кезеңге дайындық жұмыстары әр түрлі мақсатты аудиториялар арасында жүргізілді.

Мектептерде көктемгі мезгілдегі төтенше жағдайларда оқушылардың мінез-құлқының негізгі ережелері бар қауіпсіздік бойынша мектепішілік нұсқаулық жасалып, өткізілді.

Сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, тренинг сабақтары, «Көктемгі су тасқыны-бұл қауіпті!», «Абайлаңыз! Су тасқыны!!!» және т. б. өткізілді. «Қауіпсіздік минуты!» тақырыбында алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша семинар – тренингтер өтті. Су нысандарындағы тәртіп ережелері бойынша бейнефильмдер, презентациялар көрсетілді.

Сонымен қатар, мектеп активі көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларда өзін- өзі ұстау ережелеріне бағытталған жаднамалар таратты.

Алғашқы әскери дайындық оқытушылары мен сынып жетекшілері қалалық және аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің мамандарын тарта отырып, білім беру мекемелерінің педагогикалық құрамымен әңгімелесулер өткізді.

Барлық өткізілген іс-шаралар ұсыныстарға сәйкес және білім беру ұйымдарының көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардағы алдын алу іс- шаралары бойынша жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылды.

Просмотров: 643


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст