Текст
Әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 19-23 ақпан аралығында мектепте бастауыш сыныптардың онкүндігі өтеді.
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының жаңартылған мазмұнын енгізу жағдайында, білім беру үдерісіне заманауи білім беру технологияларын енгізу арқылы педагогикалық шеберлікті арттыру».
Мақсаты: «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әлеуетін ашу, танымдық белсенділігін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту арқылы оқу іс-әрекетіне ынтасын арттыру».
Апталық барысында бастауыш сыныптарда ашық сабақтар, түрлі байқаулар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізіледі.
Онкүндікте әркім өз білімін ортаға салып, көптеген жаңа және қызықты нәрселерді біліп, таланттарын көрсетуге мүмкіндік алады.
Директордың УР жөніндегі орынбасары Ғаббасова А.Б.