"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстандық оқушылар Аitu мессенджері және Аitube видеохостингі арқылы оқи алады

06.05.2020

 Енді қашықтан оқыту барысында қазақстандық оқушылардың Аitu мессенджері мен Аitube видеохостингі арқылы білім алуға мүмкіндіктері бар. Аталған жаңашылдық бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «AituDala», «BTS Digital» компаниялары арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

            Aitu мессенджерінде құрылған ақпараттық арналарда қашықтан білім беру процесі, оқу материалдарын жариялау мерзімі мен кестесі туралы деректер жарияланады. AiTube.kz платформасының Оnline.edu.kz бейнохостингінде ҚР БҒМ дайындаған сабақтар салынып, бейнематериалдар сақталады. Сондай-ақ, Aitu-де мәтіндік хабарламалар, құжаттар, медиа файлдармен алмасуға және қатысушылар саны шектелмейтін топтарды құруға болады. Қосымша арқылы еліміз бойынша аудио және бейне қоңыраулар жасауға болады. Осындай техникалық мүмкіндіктердің арқасында оқушылар қашықтан білім алу кезінде кез келген уақытта оқу материалдарын алып, оқи алады.

     Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Бигаридің айтуынша, оқушылар платформада ұнаған сабақты немесе дәрісті достарына және сыныптастарына жіберіп, еркін бөлісе алады. Ол үшін басқа порталдардан ақпарат іздеп, қосымша тіркелудің қажеті жоқ.

        «AiTube.kz платформасындағы Оnline.edu.kz видеохостингінде бейнелекциялар түсіретін барлық қолданушыға, педагогтерге дайындаған бейнелекцияларын сақтап қоюға және көрсетуге мүмкіндік бар. Мұғалімдер мен оқушылар ұнаған сабақты достарымен және сыныптастарымен еркін бөлісе алады. Қосымша басқа порталдарды іздеп, оларға тіркелудің қажеті жоқ. Біз осы платформада қаралымы көп және көпшілікке ұнаған бейнедәрістерді іріктеп, болашақта олардың еңбегін көтермелеуді жоспарлап отырмыз.

         Сонымен қатар, Aitu-дағы каналдар мен бот-консультанттар қазақстандықтарға білім беру саласының барлық деңгейіндегі түрлі сұрақтары бойынша жауап алуға көмектеседі. Бүгінде бұл ата – аналарға, оқушылар мен студенттерге аса қажет", - деп түсіндірді Рүстем Биғари.

     «AituDala» бас директоры Е. Волковтың айтуынша, AiTube бірінші кезекте Қазақстанды әлеуметтік дамыту мен цифрландыру міндеттерін шешетін жоба ретінде құрылды.   

          «Осындай қиын жағдайда қазақстандықтарға  пайдамыз тигеніне қуаныштымыз. AiTube Қазақстанның әлеуметтік дамуы мен цифрландыру мәселелерін шешетін жоба ретінде құрылды, сондықтан өз міндетін орындауға дайын» – деп мәлімдеді Евгений Волков.

   «Қазақстандықтарға Aitu арқылы қашықтан білім алу ыңғайлы және тиімді болады. Себебі, әрбір мұғалім немесе оқушы мессенджерлерді қарапайым өмірде пайдаланып жүр. Мұғалімдер әр оқушы оқу материалын алғандығына, ал оқушылар оқу жүктемесін бөліп, білім алудың жаңа форматына тез бейімделе алады», - деді Аitu мессенджерінің жетекшісі Александр Денисенко.

   Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты барлық білім беру ұйымы қазақстандық платформалар арқылы қашықтан оқыту форматына көшті.

 

 
Просмотров: 367


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст