"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА 120 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛАНЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСПЕН ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНУДА

23.05.2024

Оқушылардың демалысы мен сауығуын ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғамның және ата-аналар қоғамының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Оқушылардың жазғы демалысын сапалы және қауіпсіз ұйымдастыру мақсатында Ақмола облысы әкімдігінің жанынан облыстық штаб құрылды. Ай сайын оқушылардың демалыс объектілеріне баратын ведомствоаралық мониторингтік топ құрылды.

«Облыс аумағында барлығы 20 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде: 1 Республикалық маңызы бар орталық («Балдәурен» РОСО), Солтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласы білім басқармаларының ведомствосындағы 4 лагерь, 7 жекеменшік лагерь, 8 лагерь облыстың коммуналдық меншігінде» - деді брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин.

Облыста жеке қала сыртындағы лагерлер желісі дамуда. Ағымдағы жылдың маусым айында Целиноград ауданының Қоянды ауылында жобалық қуаты бір маусымда 350 бала қамтитын «Астана кэмп» жаңа жекеменшік лагерін ашу жоспарланған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, лагерьлерде демалыспен шамамен 14 500 бала қамтылады.

Қауіпсіздік мақсатында лагерьлер орналасқан жерлерде учаскелік инспекторлардың күнделікті барып тексеруі ұйымдастырылады. Ауысым өткізу кезеңінде оқушылармен ТЖД және ПД қызметкерлерімен профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін болады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік және жеке лагерьлердің қызметкерлері мен педагогикалық кадрлары құқық бұзушылығының жоқтығына тексерілді.

Лагерьлердің барлық өкілдерімен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп түсіндіру семинарлары өткізілді.

Оқушылардың сапалы демалысын ұйымдастыру, ең алдымен, лагерьлер мен қала орталықтарының инфрақұрылымына байланысты. Ол үшін Ақмолалық 2 лагерьлерін жаңғыртуға 2024 жылы облыс бюджетінен 314,6 млн. теңге бөлінді.

Қала сыртындағы лагерьлерге қосымша 488 мектеп базасында шамамен 76 мың баланың қатысуымен тамақтанатын және тамақтанбайтын мектеп жанындағы алаңдар жұмыс істейтін болады.

Жаз бойы 7 мыңға жуық баланың қатысуымен жазғы демалыстың (шатыр, киіз үй, археологиялық лагерьлер) 49 аз шығынды нысанын ашу жоспарланған.

«Тәуекел тобындағы» 18 868 мың Ақмола оқушысы бірінші кезекте демалыс пен сауықтырумен қамтылатын болады.

Қала сыртындағы тегін демалыспен 3 мыңға жуық оқушы қамтамасыз етіледі. «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін жолдама сатып алуға шамамен 121,5 млн. теңге жоспарланған. Ауыл мектептерінің 5-8 сынып оқушыларына арналған лагерьлерге 1005 жолдаманы «Қазақстан халқына» Қоры» ұсынып отыр.

Осылайша, сауықтыру мен демалыстың барлық түрлерімен 120 500 бала қамтылатын болады, ол өткен жылғы көрсеткіштен 12500-ға артық.

Просмотров: 1040


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст