2018ж.12.02.-2018ж.23.02. аралығында № 8 ОМ КММ кітапханалық ісі бойынша «Білім ұйымының ақпараттық – білім кеңістігін құрастырудағы кітапхананың ролі» атты курстары өткізілді.
Кітапханашылар жұмыс істеген тақырыптардың бірі: «Кітапхана ісін ұйымдастырудағы замануи технологиялар» болды. Елімізде кітапханалық істі ақпараттандыруды ұйымдастырудың бір бағыты электронды кітапхана болады.
Электронды кітапхана – электронды құжаттардың әртүрлі жинақтарын сенімді сақтау
мен тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.
Электронды кітапхананың басымдылығы: оқушы ақпаратты өзінің немесе кітапхананың болу
уақыты мен жеріне қарамай ақпарат ала алады. Кәдімгі кітапханаға қарағанда көлем мен кеңістікті үнемдеуге қол жеткізіледі. Құжаттың белгілі фрагменттерін тез және сапалы іздестіруге мүмкіндік бар. Тұтынушылар өздік білім жұмысы үшін еркін түрде ақпарат ала алады.
Электронды кітапхана – бұл әдебиетпен қамтылу мәселесін шешеді.
Электронды кітапхана – бұл болашаққа қадам!