Білім жүйесіне мұғалімдерді дайындау мен оқулықтарды енгізу туралы айтқан болатын. Ол нөлдік
сыныптарды енгізу 2019 жылға жоспарланған болатын деді. «Бүгіндері бірыңғай бағдарлама
мен мұғалімдерді дайындау кестесі дайын, оқулықтар сараптамадан өтті, бірақ оның барлығы кириллицамен жазылған деді, енді 400 мың балаға нөлдік сыныптарға жаңа ҚР білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиев нөлдік сыныптарында оқулықтар шығару қажет. Себебі біздің латиницаға
көшуіміз керек, сондықтан бұл оқулықтарды латиницамен басып шығаруды жөн
санаймыз. Осының барлығына, жаңа оқулықтар дайындауға, сараптама жүргізу үшін,
оларды қарап, мұғалімдерді дайындауға уақыт қажет. Сондықтан нөлдік сыныптарға
2020 жылы ауысатын боламыз. Осындай өзгеріс жаңа мемлекеттік бағдарламаға
енгізілді», - деді Министр ҚР Үкіметінің отырысы барысында.
Министрліктің деректері бойынша, жаңартылған мазмұн аясында 1, 2, 5 және 7 сыныптар үшін оқулықтар әзірленіп енгізілді. Бастауыш білім деңгейінде бірыңғай базалық оқулықтар енгізілуде.
2018-2019 оқу жылында 3, 6 және 8 сыныптар үшін оқулықтар енгізілетін болады.
«Қоғамдық баға» порталында олардың макеттері орналастырылған, қолдану жүргізілуде. Жаңартылған білімге кезеңмен ауысу аясындағы біліктілікті жоғарылату курстарын мұғалімдердің 52% өтті. 2018 жылы 73 мыңнан астам мұғалімдерді оқыту жоспарланған.