"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017-2018 оқу жылына № 3 ОМ бойынша 10 ақпан мен 10 наурыз аралығына «Өмірге – ИӘ де!» республикалық ақпараттық компаниясы

13.03.2018

10 ақпан мен 10 наурыз аралығында № 3 ОМ «Өмірге – ИӘ де!» атты республикалық ақпараттық компаниясы

өткізілді. Мектеп фойесінде мектептің сенім телефондарын көрсетумен ата-аналар мен оқушыларға арналған «Өмірге – ИӘ де!» атты тақырыптық стенді ресімделді.

Мектеп сайтында «Желілік ойындар мен жасөспірімдер суициді» тақырыбына мақала жарияланды, онда желілік ойындардың мәселесі мен балаларға әсері, интернет тәуелділігінің белгілері, жасөспірімдердің суицидтік көңіл күйлерінің болу белгілері айтылған. Және де ата-аналарға балалармен қарым-қатынасты жақсарту

мен жасөспірімдердің арасындағы суицидтің профилактикасы бойынша кеңестер берілген.

6-11 сынып оқушылары арасында  интернет тәуелділігін анықтау бойынша сауалнама жүргізілді. Тақырыптық профилактикалық буклеттер, ескертулер, «Біз өмірді таңдаймыз», «Сенім телефоны, қалай көмек сұрау керек?», «Интернетте қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету керек?» тақырыптарына парақшалар әзірленіп таратылды. Мектеп түлектерімен «Тектен тек тәуекелге барма!», «Өмір сүру керемет!» атты ұрандарымен флеш-моб жүргізілді. 1-11 сынып оқушыларының денсаулықтарына зиян келтіретін әлеуметтік желілердің теріс әсерлерінен қорғану сұрақтары бойынша сынып сағаттары өткізілді. Акция барысында фойеде  келісті мінезқұлық моделдері туралы,  балалардың қоғамдағы бақытты және қауіпсіз өмірі туралы бейнероликтер көрсетілді. Педагогикалық кеңесте  «Қауіпсіз нтернетті қалай қамтамасыз ету керек?» сұрағы қарастырылды, онда информатика мұғалімдері интернет қорларын дұрыс пайдалану және балаларға қауіпсіз интернетті қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берді.

         Педагог-психологпен балалармен және ата-аналарға кеңестер берілді және психотүзету

жұмыстары жүргізілді. Оқушылармен бірге сенім телефоны туралы түсініктеме ақпаратпен буклеттер таратылды: сенім телефоны деген не, қандай жағдайда оған хабарласуға болады және керек, және оның көмегі неде.

Просмотров: 634


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст