«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Жерұйық» фильмі

13.11.2020

Оқушылардың патриоттық сезімін ояту мақсатында және ІІ тоқсанның басында қазақ тілі мен әдебиет сабағында  бағдарлама бойынша 8-сынып оқушылар бұл фильмді көруге көру қажет. Сондықтан 10 қараша күні 8 «В» сынып оқушылары күзгі демалыс уақытында режиссер Сламбек Тәуекел мен сценарийші Лаврентий Сон түсірген «Жерұйық» фильмін көрді.  

«Жерұйық» фильмі 2011 жылы жарық көрді.Бұл көркемфильм 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысы, Үштөбе ауылында өскен сценарист Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы десек те болады. Бірақ фильмнің сценарийін Лаврентий Сон мен Сламбек Тәуекел бірлесе отырып жазған екен. Фильмнің басты идеясы — Қазақстандағы көпұлттылық­тың пайда болуын көрсету. Қазақ халқы отандастарымызды жылы қарсы алып, оларға мейірімділік танытты. 

Фильмді оқушылар көріп болғаннан кейін, онлайн конференция арқылы баяндап, талқыладық. Әр оқушы өз ойын, алған әсерін  айтты. Бұл фильм оқушыларға қатты ұнады. Олар қазақ жерінің  тарихымен танысты. Қазақ тілінен сөздік қорлары байыды.

Автор Абдугалиева А.Т.

Просмотров: 790


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст