"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бір айдан астам уақыт бұрын COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны өзіне салдырды

01.10.2020

«Ақпараттың БАҚ арқылы таралуын қаламадық. Бірақ бұл туралы ғылыми институттың директоры айтқан екен, Иә, ақпаратты растаймын. Содан бері бір айдан астам уақыт өтті. Өздеріңіз білетіндей, қазір қазақстандық COVID-19-ға қарсы вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Оны әзірлеумен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты айналысты. Әуел бастан осы жобаның әр кезеңін қадағалап, клиникаға дейінгі зерттеулердің нәтижелерімен күнделікті танысып отырдым. Сондай-ақ сараптама нәтижелері мен вакцинаның тиімділігін байқадым. Сондықтан отандық вакцинаны өзіме салдыру туралы шешім қабылдадым. Содан бері біраз уақыт өтті. Қазіргі уақытта жағдайым жақсы, ешқандай кері әсері болған жоқ, температурам қалыпты", – деді министр.

Ғалымдар (коронавирусқа қарсы QazCovid-in® вакцинасын әзірлеушілер) осыдан 2 ай бұрын COVID-19-ға қарсы вакцинаны өздеріне салдыру жөнінде шешім қабылдаған алғашқы еріктілердің бірі болғанын атап өткен жөн.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты" – ТМД аумағындағы ең мықты институттардың бірі. 1958 жылы құрылған ғылыми институттың ғалымдары сол уақыттан бастап елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әзірлемелермен айналысады. Институт зерттеушілері қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы көптеген дәрі-дәрмектер мен вакциналарды әзірлеп, қолданысқа енгізген болатын. Олар басқа мемлекеттерде де белсенді қолданылып жатқанын атап өткен жөн.

18-50 жас аралығындағы ересек еріктілердің қатысуымен  вакцинаны клиникалық зерттеу 17 қыркүйекте басталды. Вакцинаның қауіпсіздігін анықтайтын зерттеудің бірінші кезеңіне коронавируспен ауырмаған және антиденелері жоқ 44 ерікті қатысып жатыр. Иммуногенділікті зерттеуге бағытталған екінші кезеңге 200 ерікті қатысады деп жоспарланған.

Жалпы Қазақстанның барлық өңірінен клиникалық зерттеулерге қатысуға ниет білдірген азаматтардан 688 өтініш келіп түсті. Вакцинацияға қатысатын еріктілер тобы құрылып, олар скринингтен өтті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылғы 15 мамырда отандық коронавирусқа қарсы белсенділігі жойылған вакцинаны кандидаттық вакциналар тізіміне енгізіп, 29 тамызда клиникалық сынақтар жүргізуге рұқсат бергенін естеріңізге сала кетейік.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 01.10.2020 10:26
Құрылған күні: 01.10.2020 10:26

Текст