«Алтын ғасыр» шығармашылық орталығы 2020 жылы 10-шы қазан мен 2-ші қараша аралығында «Жаңашыл педагог» Республикалық мектеп, колледж, қосымша білім беру орталықтарының барлық пән мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері арасындағы ғылыми-әдістемелік және өнер онлайн байқауын ұйымдастырады.
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ: Педагогтар, тәрбиешілер оқу-әдіс тәсілдерімен тәжірибе алмаса отырып, бүгінгі ғылыми-инновациялық ,технологиялық жаңаша педагогиканы дамыту. Сабақ жоспарлары мен сабақ өту тәсілдеріне жаңашылдық енгізу.
СЫЙЛЫҚТАР:
Бас жүлде – диплом, медаль, флеш карта (флешка).
Орын алған қатысушыға – диплом, медаль. (Орын, медаль барлығына бұйырады)
«Шығарма», «Педагогикалық ғылыми жоба», «Жаңаша сабақ жоспары», «Мүшәйра», «Үздік мақала» жанр-номинациялары бойынша ең үздік деп танылған бес жұмыс «Өзін-өзі тану» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына жарияланады.
Қалған жанрлар бойыншада әр жанрдан үздік деп танылған бір-бір жеңімпазға блокнот беріледі.
Дипломдар электронды түрде ватсап нөміріне немесе электронды почтаға жіберіледі. Сыйлықтар Казпочта арқылы жөнелтіледі.
Сыздыкова А.