"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

QAZVAC КОРОНАВИРУСТАН СЕНІМДІ ҚОРҒАЙ АЛАДЫ

16.04.2021

Қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасы клиникалық зерттеулердің соңғы үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Оған 3 мың ерікті қатысып, вакцинаны 21 күндік аралықпен 2 рет алды. Вакцина салдырған еріктілердің қанында қажетті қорғаныс антиденелері пайда болды. Бүгінгі таңда еріктілердің жағдайлары жақсы.  

Зерттеулер QazVac-тың коронавирустық инфекцияға қарсы жоғары иммуностимуляторлық белсенділігін көрсетті. Вакцина сенімді қорғанысты қамтамасыз етіп, гуморальды және жасушалық иммунитет қалыптастырады. Қазақстандық вакцина салдырған еріктілерде антиденелер титрінің өсуі байқалады. Атап айтсақ, бірінші вакцинациядан кейін 16-дан 128-ге дейін (СГТ=32.0), екінші вакцинациядан кейін 128-ден 2048-ге дейін (СГТ=618.5) өсім байқалған.

Сондай-ақ вакцина салдырған адамның ағзасында вирусты бейтараптандыратын антиденелердің пайда болуы қазақстандық инактивтендірілген вакцинаның тиімділігін көрсетіп отыр. Алғашқы вакцинациядан кейін адамдардың ағзасында 2-ден 16-ға дейінгі титрде вирусты бейтараптандыратын антиденелер пайда болды (СГТ=5.1). Қайта вакцинациядан кейін бұл көрсеткіш тұрақты өсіп, 28 тәулікте 8-ден 128-ге дейін (СГТ=19.3), ал 42 тәулікте 32-ден 256-ға дейін (СГТ=99.5) жетті. Сонымен бірге плацебо егілген еріктілердің қан сарысуы үлгілерінде вирусты бейтараптандыратын антиденелер анықталмады.

Алынған мәліметтер коронавирустық инфекцияға қарсы белсенділігі жойылған QazVac вакцинасымен егілгендердің жасушалық иммундық реакциясы жақсы екендігін көрсетеді. Бұл – отандық вакцина вирустан сенімді қорғанысты қамтамасыз ете алатындығының айқын дәлелі.

Сонымен қатар QazVac вирустың барлық мутацияланған штамына қарсы тұра алады. Инактивтендірілген вакцина толығымен вирионнан жасалған және онда ақуыздардың барлық спектрі сақталған. Сондықтан қандай мутация кездессе де, QazVac вакцинациясынан кейін пайда болған антиденелер вирусты танып, оны залалсыздандырады және инфекция туралы ақпаратты сақтайды.

Осылайша, қазақстандық инактивтендірілген QazVac вакцинасы жоғары сенімділігі мен тиімділігін көрсетіп, жаппай қолдануға ұсыныла алады.

Айта кеткен жөн, кейбір елдерде вакциналар бірінші және екінші кезеңдерден кейін қолданылады бастайды. Қазақстанда вакцинаны тереңірек  және мұқият зерттеу үшін клиникалық зерттеулер алғашқы екі кезеңмен шектелмей, үшінші кезеңнің жартысымен жалғасты.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 16.04.2021 09:51
Құрылған күні: 16.04.2021 09:51

Текст