Атбасар ауданының білім бөлімінде 5.02.21 жылы онлайн түрінде үш тілдікті насихаттау, үш тілді үйренуге ынталандыру мақсатында 8-11 сынып оқушылар арасында « Тіл дарыны» атты байқау өтті. Байқауға №3 орта мектебінен 4-оқушы қатысы.
Олар Марденова Ариана -8 сынып оқушысы, Балекбаева Гаухар-9 сынып оқушысы,Малгаждаров Ерназар -10 сынып оқушысы, Муканова Анеля -11 сынып оқушылары қатысты. Оларды қазақ тілі мұғалімдері:Байжанова Г. С, Сейтенова З.А, Абикенова К.Б, орыс тілі мұғалімдері: Абенова Г. А, Миронова Е.А, ағылшын тілі мұғалімдері: Муканова С.Б, Скидан Л.М, Абаева Л.А дайындады.
Байқау тәртібі 8 тапсырмадан тұрды. «Полиглот» мақал-мәтелдерді бір сөзбен толықтырып, орыс, ағылшын тілінде аудармасын айту, «Мәдениеттаным» қазақ халқының сат-дәстүрі туралы мәнерлеу, «Ұлттаным» қазақ халқының тарихы мен ұлы тұлғалар туралы мазмұндау, «Тең шартты диалог» белгілі бір тақырыпта үш тілде диалог құрастыру, «Түйіндеме» белгілі бір танымал тұлғаның өмірбаянын үш тілде айту, «Ең үздік мәнерлеп оқу»-3 тілде кез-келген өлеңнің үзіндісін оқып беру, «Экскурсия жетекшісі»- өз елі туралы 3 тілде қысқаша мәлімет жасау, «Жас ақын»- 3 тілде қызықты 1 шумақ өлең құрастыру-деген тапсырмалармен өтті.
Жазған қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі: К.Б Абикенова