Ақпарат
2025 жылғы 10 қаңтарға арналған ыстық тамақ ұйымын жоспардан тыс тексеру бойынша 2025 жылғы 10 қаңтарда мектеп директоры З.Е. Қасенова, директордың орынбасары А. Б. Габбасова, асхананың аредаторы С. А. Мұсаевадан тұратын тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия оқушылардың ыстық тамақтануын сапалы ұйымдастыруға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру мақсаты: оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру, мектеп асханасының жұмысы және ас блогының санитарлық жағдайы, перспективалық мәзірге сәйкестігі, тағамның нормалары мен калориялары. Азық-түлікті қоймада сақтау ережелерінің сақталуын, ас блогы мен асхананың гигиеналық жай-күйін, өнімнің сапасына сертификаттардың болуын бақылау. Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін ауыз су бұрқақтары орнатылған. Тексеру кезінде тыйым салынған өнімдер табылмады. Барлық сатып алынған өнімдер сәйкестік сертификатына ие. Ас блогының барлық қызметкерлерінің жұмыс орындарына рұқсаты бар.