"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ: ЗИЯН БА, ПАЙДА МА?

21.02.2018

 «Әлеуметтік желі: зиян ба, пайда ма?» тақырыбына 7 Б сыныбында жарыссөз ретінде талқылау

жүргізілді.

Бұл талқылаудың мақсаты – оқушыларды өз көзқарастарын дәйекті қорғауға үйрету болды. Ол үшін оларға жеке оқушылармен дайындалған ақпараттар ұсынылды.

Шағын топтарда мәселе талқыланды, жауаптар әзірленді. Бес адамнан командалардан минут ішінде кезекпен пікірлер айтылды.

Бірінші топ әлеуметтік желінің зиянын дәлелдеу үшін келесі дәйектерді келтірді: көру қалпының төмендеуі, тәуелді болу, қоғамдық орындарда  мұқиятсыз болу ж.б.

Келесі топ әлеуметтік желінің жағымды жақтарын ұсынды: ақпаратты жеңіл және қолжетімді түрде алу, әлеуметтік желіде аудио және бейне байланыспен араласу, қызығушылық бойынша байланысу ж.б.

Жарты сынып көрушілер мен қадағалаушылар болды, олар өздері үшін айтылған пікірлердің күшті және әлсіз жақтарын, виртуалды қатынастың зияны мен пайдасын  атап өтті.

Сынып сағатының соңында талдау жасалды, оның нәтижесінде әлеуметтік желіні ақылмен пайдалану ережелері жасалды. Онымен өздерін алаяқтардан қалай қорғау туралы сұрағы да назардан тыс қалмады. Тақырыпқа бей жай қалғандар болған жоқ.

 « Шабадан. Еттартқыш. Себет.» рефлексиясы бұл мәселенің өзектілігін көрсетті.  (Чемодан – кейін керектің барлығы. Еттартқыш – ақпаратты игеремін. Себет - лақтырамын.)  Оқушылар  стикерлеріне таңдаған суреттерін желімдеді. Себет бос қалды.

Просмотров: 496


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст