5 ақпанда № 3 ОМ «Өзінтану» пәні бойынша декаданы ашуға арналған салтанатты линейка
өткізілді. Осы күні декада басталып, балаларға таныс «Өзінтану» пәнімен кездесуді
сыйлады, оның авторы еліміздің бірінші ханымы, «Бөбек» қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаева.
Францз жазушысы Виктор Гюгода мынадай сөздер бар: «Адамның ішкі дүниесіндегі мейірімділік
– ол күннің көзі». Жер шарында әртүрлі адамдар тұрады, олардың барлығы керемет және жақсы. Себебі әрбірінде оның адами жандүниесінің құпиясы бар. Осы күні мектеп оқушылары Өзінтану пәні қандай рухани құндылықтардан құралатынын еске алды. Оған 7а сынып оқушылары көмектесті, рухани құндылықтар ретінде: Махаббат,
Дұрыс мінезқұлық, Зорлық жасамау, Шындық және ішкі тұрақтылық бар. Сонымен бірге оқушылар декада аясында өткізілетін ісшаралармен де таныстырылды. Линейканың соңында жүргізуші Юлия Корнилова балалармен бірге Өзінтану кеңестерін айтып берді.
Я вижу только хорошее,
Слышу только хорошее,
Говорю только хорошее,
Делаю только хорошее,
И хожу только дорогою добра!
Декада аясында мектеп кітапханашысы Семеняченко Т.И. «Өзінтану» рухани білім бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесін әзірледі, оны оқушылар қызығушылықпен қарап шықты.