«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жұмыс тобы талдау жүргізуде

29.04.2021

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2021 жылғы 20-25 сәуір аралығында Ақмола облысы білім басқармасының жауапты қызметкерлері құрайтын жұмыс тобымен және «AQMOLA-Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің басшысы Самира Тайтенова және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің арнайы мониторингтік тобының мүшесі Игорь Плюснинмен «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Агротехникалық колледж, Красный Яр ауылы» МКҚК, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Құрылыс-технологиялық колледжі, Көкшетау қаласы» МКҚК, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Жоғары техникалық колледж, Көкшетау қаласы» МКҚК ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, оларды жою ұсынымдары мен мерзімдері туралы ақпараты бар талдамалық анықтама дайындалатын болады. Ішкі талдау нәтижелері және қабылданған (қабылданатын) шаралар туралы ақпарат Ақмола облысы білім басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады.

Просмотров: 390


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст