Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты бағдарламасын іске асыру мақсатында еліміздің барлық салаларында
жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ел басшысы білім, ғылым, зияткерлік қабілет
және сапалы еңбек арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру керектігіне ерекше тоқталды.
Сондай-ақ осы бағдарлама шеңберінде өзге
ұлт өкілдерінің 2-11 сынып оқушылары арасындағы «Тіл дарын» облыстық
шығармашылық жобалар сайысының аудандық кезеңі өтті. Бұл байқауда оқушылардың
жас ерекшеліктеріне қарай түрлі шығармашылық жоба тақырыптары ұсынылды.
Олар: «Менің шежірем», «Менің кішкентай Отаным», «Қазақ халқының
әдет-ғұрпы мен салт -дәстүрі», «Мемлекеттік тілдің мәртебесі», «Жасыл
энергетика», «Ротбототехника», «Астана – арман қалам», «Қазақ халқының музыка өнері».
Бұл сайысқа №3 орта мектеп оқушылары да қатысты.Қатысушылар мемлекеттік тілді меңгеру
дәрежесін көрсетіп,өз өнерлерін ортаға салды.
Сайыстың нәтижелері бойынша ең көп ұпай жинаған 5 в сынып оқушысы – Мамедова Энараның
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты шығармашылық жобасы облыстық кезеңге жолдама алды.
2017 жылы 30 қазанда Мамедова Энара Көкшетау қаласында өткен өзге
ұлт өкілдерінің 2-11 сынып оқушылары арасындағы «Тіл дарын» облыстық
шығармашылық жобалар сайысына қатысты.