"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні!

30.04.2026

  1 мамыр – еліміздегі ең маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн – Қазақстан халқының бірлігі күні ретінде аталып өтеді. Аталған мереке халқымыздың татулығы мен ынтымағын дәріптейді. Қазақстан – көпұлтты мемлекет.                  Бүгінде елімізде жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – еліміздің басты байлығы.

  Бірлік күні адамдарды өзара сыйластыққа, достыққа және түсіністікке үндейді. Әр ұлттың тілі мен мәдениеті, салт-дәстүрі құрметтеледі. Осындай сыйластық пен татулықтың арқасында елімізде бейбіт өмір орнаған.

   Бұл мереке күні түрлі мәдени іс-шаралар, концерттер, көрмелер ұйымдастырылады. Халық ұлттық киімдерін киіп, өнерлерін көрсетеді. Бұл – ел бірлігін нығайтатын ерекше күн.

  Бірлік бар жерде – тірлік бар. Сондықтан 1 мамыр мерекесі әрқашан халқымыздың ауызбіршілігін айқындайтын, достық пен татулықтың символы болып қала береді.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Канафина Ж.С.

Просмотров: 310


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст