«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған онлайн вебинар

20.05.2026

19 мамырда, 2026 ж. Macmillan Education баспасы ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған әдістемелік онлайн-вебинар өткізді. Вебинар тақырыбы:
Лазерлік фокус: жасөспірімдерге қалай жол табуға және олардың қарым-қатынас жасауына көмектесуге болады». Вебинардың мақсаты — педагогтердің біліктілігін арттыру, ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістемелерімен таныстыру, кәсіби шеберлікті дамыту, сондай-ақ мұғалімдерге практикалық және әдістемелік қолдау көрсету.
Вебинар барысында қатысушылар жасөспірімдерді ағылшын тілін үйрену үдерісіне тартудың практикалық стратегияларымен, оқушылардың мотивациясын арттыру жолдарымен және тиімді коммуникация дағдыларын дамыту тәсілдерімен танысты.
Спикер ретінде Dr. Czesław Kiński  Macmillan Education баспасының халықаралық әдіскері, ағылшын тіліне арналған оқу құралдары мен материалдарының авторы, Cambridge Assessment English емтиханшысы, University of Warmia and Mazury университетінің оқытушысы және халықаралық білім беру конференцияларының спикері сөз сөйледі.Вебинар жоғары әдістемелік деңгейде өтіп, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Ағылшын тілі мұғалімі Муканова С.Б.

Просмотров: 393


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст