«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

11-сынып түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты

19.06.2026

2026 жылғы 18 маусымда 11-сынып түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыруға арналған салтанатты жиын өтті. 2025–2026 оқу жылында 11-сыныптың 36 оқушысы оқуын сәтті аяқтады. 11 «А» сыныбының түлектері Нұраділ Нұрсұлтан мен Ткаченко Руслан жалпы орта білім туралы аттестат иегері атанып, «Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталды. Жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа Баракпаев Чингиз, Забалдина Анастасия, Дылева Эвелина, Калинина Злата және Цухаева Амина ие болды. Түлектерге арнаған құттықтау сөзінде Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қ.О. Қуатбеков мектеп бітірушілерді оқуын сәтті аяқтауымен құттықтап, аттестаттарды табыстады. Сондай-ақ ол Атбасар ауданы әкімінің атынан «Алтын белгі» иегерлерінің ата-аналарына алғыс хаттарды тапсырды. Іс-шараның құрметті қонағы ретінде білім бөлімінің әдіскері Н.К. Амирова да қатысты. Түлектерімізді өмірлеріндегі маңызды белеспен құттықтаймыз! Оларға алға қойған мақсаттарына нық қадаммен жетіп, жаңа белестерді бағындырып, өз қабілеттерін табысты жүзеге асырып, жарқын да бақытты болашақ құруларына тілектеспіз!

Просмотров: 297


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст