Бейнелеу өнері сабағы

30.09.2026

Атбасар қаласы №3 мектеп-гимназиясында 1 «Г» сыныбында бейнелеу өнері пәнінен «Жолақтағы ою-өрнек» тақырыбында сабақ өтті.
Оқушылар ою-өрнекпен және оның элементтерімен танысты. Практикалық бөлімде олар акварель бояуларымен жұмыс істеп, өрнектерді мұқият бояп, жолақ шегінен шықпауға тырысты.
Сабақ оқушылардың ұқыптылық, зейін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Оқу сабағы достық әрі шығармашылық атмосферада өтті. Балалар ынта-ықылас танытып, қызығушылықпен жұмыс жасап, өз нәтижелеріне қуанды.

Просмотров: 206


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу